qazaqtoday

Қазақстанда бала саудасымен айналысқан әйел Кореяда ұсталды

Қазақстанда іздеуде болған қылмыскер әйел Оңтүстік Кореядан депортацияланды, деп хабарлайды polisia.kz сайты. Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Бұған дейін әйел қыз бала туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін…

Толық оқу

Оралда ескі үйдің астынан 323 дененің сүйектері табылды

Оралда ескі үйлердің астынан адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қазір полицейлер қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сүйектерді сараптамаға жіберді. Адам сүйектері қаланың ескі бөлігінен шыққан. Оны ескі тиын іздеген қала тұрғыны тауып алыпты. Ол үйдің шатыры мен жертөлесінен былтыр да үш адамның сүйегі табылғанын айтады. Осындағы апаттық жағдайда тұрған ескі үйді сүріп…

Толық оқу

Арыстағы жарылыстан болған 97 миллиард шығынды 16 әскери қызметші өтейді

Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан келген шығынды 16 адам өтейді. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан келтірілген шығынды өтеуді талап етіп, сотқа арыз берген. Сотталушылар қызмет барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқ-дәрілерді сақтау, сату және кәдеге жарату, техникалық…

Толық оқу

Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ – Тоқаев

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары аясында қазақ тілі мәселесін қозғап өтті. Бұл туралы Qazaq.today ақпараттық агенттігі Bort №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді. Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары….

Толық оқу

Ресейлік дәрігерлер Алматыда омыртқаға алғаш рет инвазивті хирургиялық әдіспен ота жасады 

Алматылық дәрігерлер ресейлік хирургтармен бірлесіп омыртқаға алғаш рет инвазивті хирургиялық әдіспен ота жасады. Омыртқааралық дискіге микрохирургиялық ота Алматыдағы № 7 Қалалық клиникалық ауруханасында жасалған. Инвазивті хирургиялық әдіс омыртқаның дегенеративті сырқатымен ауыратын 58 жастағы науқасқа жасалған. Бұл хирургиялық қол жеткізудің жаңа тәсілі болып саналады. Бұл амал шағын тілік арқылы іс жүзінде қан жоғалтпай, жүйкенің жоғалған функцияларын…

Толық оқу
Яндекс.Метрика