«Күйеуі айқайлап жылады» – 8-қабаттан секірген әйелдің көршілері оқиғаның мән-жайын айтты
Алматыда 22 жастағы жүкті әйел тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер аман алып қала алмады. Бұл туралы AstanaTV хабарлады. Куәгерлер «жас әйелдің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін» дейді. Жантүршігерлік оқиға түн ортасында көпқабатты үйде болған. Әйелдің құлап түскен жерінде әлі қанның ізі бар. Күйеуінің айқайлап жылаған дауысынан оянып кеткен…
