qazaqtoday

EcobusinessLab жобасының жеңімпаздары анықталды

Елордада EcoBusinessLab жастарға арналған әлеуметтік жобаның екінші маусымы қорытындыланды. Жобаны “ITeachMe” қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Шеврон” компаниясымен серіктестікте іске асырады. Eco Business Lab республикалық жобасы Қазақстан жастарына экологиялық кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге жәрдемдеседі. Аралас оқытудың қысқа мерзімінде қатысушылар өз ісін қалай бастау немесе қолда бар бизнесті дамыту туралы жетекші сарапшылардан…

Толық оқу

«Аса құпия»: Мәсімовтың ісі сотқа жетті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрғасы мен оның қармағында лауазымды қызмет жасаған басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу қорытындысы бойынша Бас прокуратура тергеу органының айыптау қорытындысын бекітті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жіберілді. «Осылайша, айыпталушы Мәсімов К.К. (ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы) және Садықұлов А.Т. (ҰҚК төрағасының бұрынғы…

Толық оқу

Халықаралық фестивалде қазақ киногерлері үздік деп танылды

Түркияның Бұрса қаласында өткен “Қорқыт ата” түркі әлемі фильм фестивалінде режиссер Алексей Каменскийдің «Евразия билеушілері» фильмі екінші орынды иеленді. Сыйлықты фильмнің продюсері Айгүл Черендинова қабылдады. Сонымен бірге, продюсер Қанат Төребай – түркі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Толық оқу

Қазақ актері Түркиядағы фильм фестивалінде “Үздік ер адам бейнесі” номинациясын алды

Түркияның Бурса қаласында өткен “KORKUT ATA” түркі әлемі фильм фестивалінде “Ақ боз үй” фильміндегі Пахраддин образы үшін  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов “Үздік ер адам бейнесі” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Жалпы, бұл туынды ашаршылық жайлы санаулы фильмдердің бірі. Фильм Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісі бойынша  түсірілген.

Толық оқу

Түріксой: 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды

2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Түркияның Бұрса қаласынан хабарлайды. «Қазақтың мәдениет, әдебиет және өнер саласына айтарлықтай үлес қосқан тұлғаның 100 жылдығы бауырлас елдерде кең көлемде тойланады» деді Түріксойдың ресми өкілі Бақытжан Омар.

Толық оқу
Яндекс.Метрика