«65 имплант орнатқан»: қазақстандықтар зейнетақыдан қайтадан қашан тіс емдей алады?
Фото: denta-keller.ru Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы есебінен тіс емдеуге өтініш қабылдау 15 қыркүйектен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін шектеледі. Бұған жиі кездесетін алаяқтық әрекеттер мен жалған құжаттар себеп болды. Мәселе бұған дейін де көтерілген. 2024 жылы Денсаулық сақтау министрлігі БЗЖҚ қаржысын емге пайдалану тәртібін қатаңдатқан еді. Алайда бұл өзгерістер нәтиже бермей, тек өтініштерді қарау мерзімін ұзартты….
