qazaqtoday

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған. 1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстанбұл мемлекеттік университетін бітірген. Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді. 2001-2003 ж.ж. —…

Толық оқу

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталына білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады. Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады. 1-11…

Толық оқу

«Газ компаниясына 1 млн теңгеге дейін төледік»: Іле ауданында бүтін бір ауыл көгілдір отынсыз қалды

Іле ауданында тағы да шу шықты. Ашынған тұрғындар тіптен көшені жабу үшін түнде көшеге шығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Түнделетіп суықта жолды жаппақ болуына көгілдір отынның өшіп қалуы себеп болған. Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылында бір күн газ болмай қалған. Қыстың суығында тоңып, тіптен  ас дайындап ішуден қалған тұрғындарға…

Толық оқу

«Спортшыны өлтірген»: Қызылордадағы атысқа қатысы бар 13 күдікті ұсталды

Қызылордада биылғы мамыр айындағы 3 адам қаза тапқан атысқа қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетовтің айтуынша, қылмыстық іс аясында 13 адам ұсталып, оларды қылмыстық қудалау органдары күдікті деп таныды. «Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр….

Толық оқу

Екібастұз жылу электр орталығы учаскесі бастығының денесі көлік ішінен табылған

«Екібастұз қаласының жылу электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың денесі табылған» деп жазып жатыр жергілікті БАҚ. «4 желтоқсанда сағат 21.25-те «ВАЗ-21099» автокөлігінің салонынан ЖЭО ЖШС учаскесінің бастығы, 1989 жылы 20 тамызда туған Сергей Видлогтың денесі табылды, -дейді интернетке таралып кеткен рапортта. Сергей Видлогтың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмаған, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы…

Толық оқу
Яндекс.Метрика