qazaqtoday

Қаңтар оқиғасына қатысы бар делінген күдікті Белорусьтен экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Қазақстан азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.  Бас прокуратура мәліметінше, ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікке ілінген. «Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ Бас…

Толық оқу

Алматыдағы ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы ғимараттарды сейсмикалық күшейту туралы айтты деп хабарлайды Qazaq.today KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме беріп.  Әкім 2021 жылы жаңа сейсмикалық шағынаудан картасы бекітілгенін, онда барлық жарықтар көрсетілгенін жеткізді. Сондай-ақ қала басшысы қазір Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Осы жылдың екінші жартыжылдығында біз қалада жаңа сейсмикалық аудит…

Толық оқу

Әлем чемпионы титулынан бас тартқан Головкиннің қарсыласы белгіленді

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық «қарапайым» чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауға тиіс, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. WBA өз ресурстарында жария еткендей, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Мерзім 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады….

Толық оқу

Түркиядан елімізге 64 адам жеткізілді

Газиантеп қаласынан арнайы бортпен Қазақстанның – 42, Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген. Осы уақытта арнайы борт Астана халықаралық әуежайына қонды. Эвакуацияланған адамдар паспорттық бақылаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке қонған болатын. Мамандарымыздың екінші…

Толық оқу

Билікке қатысты сыни ұстанымсыз кез келген парламент – тұл!

19 жылдан кейін 19 наурызда Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. Парламент Мәжілісіне баратын 98 депутаттың 29-ы мажоритарлық жүйемен сайланады. Яғни, үміткерлер партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсыну арқылы да заң шығарушылар қатарынан табыла алады. Бұл жолғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі партиялардың парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шек 7…

Толық оқу
Яндекс.Метрика