Зілзалада Анадолы еліне Қазақстаннан еріктілер келіп аянбай еңбек етті — Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qazaq.today. «Алапат зілзаланың зардабын тартқан Түрік елінің қайғысы – барша түркі жұртының қасіреті деп білемін. Қазақта «Қайғыны бөліссең – азаяды» деген сөз бар. Ағайынның басына күн туғанда біздің халқымыз…
