qazaqtoday

«Жүруден қалған»Алматылық нейрохирургтер 45 жастағы әйелдің омыртқасына ота жасады

Орталық қалалық клиникалық аурухана нейрохирургтері нейронавигациялық жүйемен жұмыс істейтін жоғары технологиялық қондырғы көмегімен күрделі операциялар жасай бастады. Медициналық қызметтің бұл түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы көрсетіледі. ОҚКА баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, алғашқы ота 45 жастағы әйелге жасалған. Беломыртқасының бірнеше жерінде спондилолистез пайда болған пациент ауруханаға келгенде аяғын баса алмайтын. Болмашы қимыл-қозғалыстың өзін…

Толық оқу

Арнайы операция: ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі…

Толық оқу

«Сайлаудың беделін түсіру»:  Алматы АСК дауыс санау бойынша тараған  дауға қатысты жауап берді    

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «NAQ» ҚҚ таратқан ақпаратқа қатысты жауап берді. Қоғамдық қор дауыс беру нәтижелерінің бұрмаланғаны туралы ақпарат таратқан еді. Онда №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша №99 сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы жарияланған. Алайда әкімдік фотодағы құжаттың шындыққа сәйкес келмейтінін…

Толық оқу

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи «Шымбұлақтың» бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификат табыс етті. «Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес…

Толық оқу

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014 және 2016 жылы туған жасөспірімдердің 36 жастағы әкесі күдікті ретінде ұсталып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.   Qazaq.today

Толық оқу
Яндекс.Метрика