«Аяғы құрсақта сынған» алматылық дәрігерлер ауыр дертпен туылған бүлдіршінге күрделі ота жасады
№2 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед мамандары майтабанның туабітті ауыр түрімен және жетілмеген остеогенез (сүйектердің сынғыштығы) дертімен қатар ауыратын 4 жастағы балаға өте күрделі операция жасады. Аурухана баспасөз қызметінің дерегінше, туабітті ақауды түзету мақсатында пациентке сіңір ауыстыру, ахилопластика, аутотрансплантант орнату сынды бірнеше хирургиялық манипуляция жасалды. Күрделі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Аурухананың Травматология бөлімшесі…
