qazaqtoday

Қазақстанда 62 мыңнан астам жетім бала баспанасыз жүр

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап бергенде айтты. «Соңғы он жылда 8 458 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспаналы болды, 2022 жылы 673 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспанамен қамтылды. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жетім және ата-анасының…

Толық оқу

Қытай сайттарында Қазақстан жері сатылып жатқаны туралы ақпаратты АШМ жоққа шығарды

«Әлеуметтік желілерде жарияланған қытайлық сайттардағы Қазақстанда жер сатылып жатқаны туралы ақпарат жалған деп мәлімдейміз», — делінген хабарламада. Ол шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалары жерді пайдалану құқығымен иелене алмайтынын еске салды. «Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған…

Толық оқу

Түркиядағы президент сайлауының шетелдегі екінші туры басталды

Түркияның шет мемлекеттерде тұратын азаматтары үшін президент сайлауының екінші турында дауыс беру басталды. «Анадолу» агенттігінің мәліметінше, 73 мемлекетте 167 сайлау учаскесі ашылған. Оларда дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады. Шетелде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында дауыс беру 28 мамырда, сағат 17:00-де аяқталады. Жалпы, шетелде тіркелген түрік сайлаушыларының ең көбі Германияда (1,5 млн…

Толық оқу

Марк Цукерберг Илон Маскке қарағанда қалталы

Цукербергтің байлығы 89,9 миллиард долларға бағаланады. Ол қазірдің өзінде Louis Vuitton Moet Hennessy басшысы Бернар Арно мен Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маскты басып озды. Цукерберг 2023 жылдың басынан бері байлық өсімі бойынша планетадағы ең бай адамдар арасында бірінші орында тұр.

Толық оқу

Астана — Ташкент әуе рейсінің саны артады

Қазақстан мен Өзбекстан астаналары арасындағы рейстер саны артады, деп хабарлайды Qazaq.today Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларымен бірлесіп, халықаралық рейстердің санын көбейту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап FlyArystan әуе тасымалдаушысы А-320 әуе кемелерімен аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі)…

Толық оқу
Яндекс.Метрика