500 теңгеге көліктің бүкіл тарихын ашатын жаңа сервис іске қосылды
Фото: topvykup.com.ua Қазақстанда енді көліктің «құпиясын» ашу оңай. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ХҚКО мобильді қосымшасына «Авто тарихы» атты жаңа қызмет қосты. Енді кез келген азамат көліктің VIN-кодын енгізу арқылы мынадай деректерді көре алады: тіркеу тарихы, арест пен кепілдің бар-жоғы, айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алым, техникалық паспорттар. Қызмет ақылы: бір тексеру – 500 теңге. Жиі пайдаланатындар…
