Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді
Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл күні Оралдағы Тұңғыш Президент алаңына мыңдаған адам жиналып, көк байрақты биік көтеріп, Әнұранды шырқап, кешкісін өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік тамаша концертке куә болды. Жалпы, Рәміздер мерекесі БҚО-ның елді мекендерінде бір апта бұрын айрықша іс-шаралармен басталған болатын. Мәселен, дән егетін Бәйтерек ауданында көк Туымыз егіс…
