«Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан
Фото: Информбюро Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз әскердегі әлімжеттіктен соң психиатриялық орталыққа түсті. Бұл туралы оның анасы Лаура Шынтемирова мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, баласын Бейнеу ауданындағы №99116 әскери бөлімінде соққыға жығып, қинаған. Кейін командирлер оны жасырын түрде психиатриялық ауруханаға жіберген. «Маған командир хабарласып, «жүрегі мен бүйрегінде проблема бар, дәрігерге апарамыз» деді. Ал шын мәнінде, ұлымды психбольницаға…
