Ұмытылмас әсер ЫСТАНБҰЛ ЖАУҺАРЛАРЫ
Жұмыс барысымен Түркияға сапар шектік. Нешеме ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының ұрпағы – қазақтар мен түріктердің бауырластығы, тонның ішкі бауындай ынтымақтастығы аңызға айналған. Түркиялықтар Қазақстанды түркі жұртының қарашаңырағы ретінде ерекше қадірлейді. Тарихтың небір сырларын ішіне бүккен Ыстанбұл қаласы бізді айрықша ықыласпен қарсы алды. «Жүз рет естігенше, бір…
