qazaqtoday

«Балаларға берген тамағы ашып кеткен»-Түркістанда ата-аналар лагерь жұмысына шағымданды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ата-аналар жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желіде тараған. Ата-аналардың айтуынша, балалары тамаққа шағымданған. «Лагерьде балаларға берілген тамақтары ашып кеткен, нандары қатып қалған» делінген ақпаратта. Облыстық білім басқармасының мамандары таулы аймақта орналасқан лагерьді тексеріп жатыр. «Біздің мамандар қазір сол жерде тексеру жүргізіп…

Толық оқу

«Семей орманы» қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 шілдеден бастап «Семей орманы» орман шаруашылығының қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды Qazaq.today  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.  Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы аудан бойынша төрт жыл ішінде қаржыландыруды ұлғайту жоспарда бар. Бұл қаражат арнайы техникаларды жаңартуға және өртті ерте анықтау жүйесін орнатуға жұмсалады. «Үкіметтің бүгінгі отырысында…

Толық оқу

Талдықорған білім басқармасының бұрынғы басшысының мәйіті өзеннен табылды

Талдықорғанда өзен жағасынан қалалық білім басқармасының бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.   «Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған. Аталған факті қалалық полицияға тіркелді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.   Айта кетейік,…

Толық оқу

Күшті желге байланысты өрттің таралу қаупі бар – ТЖМ

Екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Qazaq.today  Halyq Uni -не сілтеме жасап.   Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралу қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті, – деді министр.   Орман өртін сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті,…

Толық оқу

Абай облысындағы өртті сөндіру үш бағытта жүріп жатыр

Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс жиекте) өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.  ТЖМ мәліметінше, минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды.   “Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден…

Толық оқу
Яндекс.Метрика