БҚО-ның Казталов ауданында ұжымдық бау-бақша қолға алынды
30 маусым күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов есеп беріп, өзі басқаратын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Оның айтуынша, ауданда ауыл шаруашылық құрылымдарының саны 994-ке жеткен. Соның ішінде 64 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын, 24 шаруашылық асыл тұқымды қой және 4 шаруашылық асыл тұқымды көшім жылқысын…
