Батысқазақстандық БАҚ өкілдері кәсіби мерекені тойлады
29 маусым күні батысқазақстандық БАҚ өкілдері «Атамекен» өнер ордасында кәсіби мерекелерін салтанатты жағдайда атап өтті. Қаламгерлер қауымын құттықтауға өңір басшысы Нариман Төреғалиев арнайы келіп, құттықтап сөз сөйледі. «Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде ресми бекітілген болатын. Өңірімізде мерекеге орай салтанатты жиындар, медиа-форумдар мен…
