qazaqtoday

Ақтауда су алабынан 21 жастағы спортшы қыздың мәйіті табылды

Ақтаудағы «Шора» су жинау алабы маңынан өлі табылған 21 жастағы қыз өңірге танымал спортшы Валерия Шальнова болып шықты. Спортшының әпкесі сіңлісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді, деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102-ге су жинау арнасында, көпір маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. «Жедел-тергеу тобы хабарға байланысты сол…

Толық оқу

Түркістан облысында ер адам таудан құлап қайтыс болды

Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. «Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген…

Толық оқу

Иран ШЫҰ құрамына кірді

Иран Ислам Республикасы ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болды. Бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның ХХІІІ саммитінде қабылданды. Иран мемлекетаралық бірлестіктің 9-шы мүшесі атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінде Иранның ұйымға қосылуы туралы меморандумға қол қойылған еді. ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылған. Алғашқы кезде ұйымға 6 мемлекет – Қазақстан,…

Толық оқу

«Ресейге кететін ақшаны елде қалдыруға болады» — АҚШ сарапшысы «Яндекс такси» туралы айтты

Қазақстанға отандық такси агрегаторы қажет. Steppe Global Education басшысы Джоэл Эриксон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Сарапшының айтуынша, сол арқылы Қазақстан Ресейге кететін ақшаны елде қалдыруға болады.   «Алматыда болғаным есімде, такси жүргізушілері әуежайдан орталыққа дейін 60 мың теңге сұрады. Менің шетелдік екенімді білген шығар, бірақ мен Яндексті қолданамын. Менің сұрағым…

Толық оқу

Ақтөбеде алиментке арыз берген бұрынғы әйелін ұрған ер адам сотталды

Әйелін алимент өндіру үшін сотқа арыз бергені үшін соққыға жыққан Хромтау тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  ІІМ мәліметінше, жалақысының жартысы алимент үшін ұсталғанын көрген Хромтау ауданының тұрғыны ашуға булығып, үйіне көрші тұратын бұрынғы әйелінің сөйлесу кезінде дұрыс жауап бермегенін сылтау етіп, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, соққыға жыққан. Соққы салдарынан түрлі дене…

Толық оқу
Яндекс.Метрика