qazaqtoday

«Жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін» — Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы ауырлады

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның сөзінше, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.   «Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен», — деп жазды ол.   Айта кетейік, Думан Мұхамедкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны…

Толық оқу

«ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес» — Жезқазған ЖЭО-да апат болды

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-не қарасты Жезқазған жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Кеше, 13 шілде сағат 21:12-де қолайсыз ауа райы жағдайында Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыраған. Электр желісі параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқышындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4,…

Толық оқу

Швецияда тағы діни кітаптарды өртейтін акция өтпек

Швеция полициясы 15 шілдеде Израиль елшілігінің маңында Таурат пен Інжілді өртеген митингі өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz -ке  сілтеме жасап. Акция өткізуге 30 жастағы ер адам өтініш білдірген. Ол манифест Стокгольмдегі мешіт жанында Құранның өртелуіне жауап және сөз бостандығы үшін жиын болатынын баса айтқан.   Times of Israel газетінің хабарлауынша, Израиль шенеуніктері Швеция…

Толық оқу

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл жыл басынан бері 10 488 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 117,6 мың этникалық қазақ оралған деп хабарлайды Qazaq.today Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (56%) Өзбекстаннан, 19,3%-ы Қытайдан, 9,7%-ы Ресейден, 7,8%-ы Моңғолиядан, 4,6%-ы…

Толық оқу

Азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 614 шенеунік жазаға тартылды

Жарты жылдың ішінде азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 614 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. «Мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау сапасы ұдайы бақылауда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның департаменттерінің тексерулері 3 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Әрбір факті бойынша прокурорлық ден қою…

Толық оқу
Яндекс.Метрика