Найзағай, дауыл және үсік: Елімізде қолайсыз метеожағдайлар күтіледі
Фото: Pixabay 26 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, қолайсыз метеожағдайлар күтіледі. Еліміздің бірнеше өңірінде екпінді жел, найзағай, тұман және бұршақ болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар 10-нан астам облыста өрт қаупі бар. Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт…
