Шымкентте жоғалған 6 бала үйлеріне оралды
Шымкент қаласында жоғалған 6 жасөспірім табылды. Барлығы 15 және 16 жастағы жасөспірімдер. Олар аман-есен үйлеріне жеткізілді. Олардың ата-аналары балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден кетіп, қайта оралмағаны туралы полицияға хабарлаған еді. Тәртіп сақшылары полицияға хабар келісімен, екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақытта аман-есен үйлеріне жеткізді. Мектеп оқушыларының бірі көшеде жүрсе, екіншісі жолдастарының үйінде қонақта…
