qazaqtoday

Елімізде қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС құру мәселелері туралы» үкімет қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.  «Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңында және басқа да заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің…

Толық оқу

Жыл басынан бері 500-ге жуық адам төтенше жағдайлардан көз жұмды

Бұл туралы Мәжіліс комитетінің отырысында төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпханов мәлім етті., деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шеңберінде биылғы жылдың сегіз айында ел бойынша сегіз мыңнан астам төтенше жағдай және 1250 адам зардап шеккен оқиғалар тіркелді, оның ішінде 495 адам қаза тапты. Материалдық шығын Т9 млрд теңгеден…

Толық оқу

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың құқықтарын қорғау басты назарда

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның негізгі талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады. Аталған бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып, жыл басынан…

Толық оқу

26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының…

Толық оқу

17 жыл құлдықта болған қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

17 жыл бойы туған ағасы күң қылып ұстаған апалы-сіңлі Назгүл бен Құндыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр. Бұл туралы қыздардың үйіне қонаққа барған журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Журналистің айтуынша, қыздар қазір 3 аптадан бері кешенді ем қабылдап жатыр. «Апалы-сіңлілі кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар, олардың тамағын…

Толық оқу
Яндекс.Метрика