All posts by qazaqtoday

«Қайрат терезеден ұшып кетті»: Гүлзира Айдарбекова жол апатына түскен сәтін есіне алды

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі не себепті ұлы Қайрат Нұртастың көзілдірік тағатынын айтты.

 

“Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек болып қалды. Бірақ құдай сақтап қалды. Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнектер сынып, денесі мен көзіне қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып шығатын”, – деп жазды продюсер.

 

Гүлзира Үсенқызынң сөзінше, сол жол апатын фильмге арқау еткен.

 

“Өкініш” фильміне жол апатын кірістірдім. Қалай көліктен аударылғанын және өзімнің сол кезде қандай күйде болғанын көрсеттім. Телефон соққаным да еш өзгеріссіз фильмге енді”, – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

 

«Зәкеңмен жақын емес едім»: Мақпал Жүнісова басынан өткен оқиғасын есіне алды

Фото: видеодан скрин

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі 1991 жылы түсірілген видеоны бөлісті. Ол жерде Асқар Тоқпанов әншіге ақжол тілеп, бата берген. Сөзінше, тұрмысқа шығып, ұл мен қыз туып ал деген. Алайда халық әртісі ол кезде бойдақ екенін айтты.

 

“Зәкеңмен бұл кезде жақын емес едік. Көмекшілерінен гүл мен хат беріп жіберетін. 1991 жылы мамыр айында бәрінен аман едім. 1991 жылы қарашада Горисполкомның саяжайында қамауға алындым”, – деп жазды әнші.

 

Желі қолданушылары әртіске ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

 

“Қандай ғажап! Қазақтың бата дарыған аяулы қызы жасай берсін”, “Жүректен шыққан ақ бата қабыл болсын! Асқар атамыздың жаны жәннатта болсын!”, “Мақпалға қазақ өнерінің майталмандары кезінде лайықты бағасын берген екен”,  “Асқар Тоқпанов аңыз адам ғой. Алла Мейіріміне алсын! Мақпал апай қазақтың кіл жақсысынан жоғары баға алған бақытты әншісіз! Алла Сізге ұзақ өмір берсін!”, – деп жазды көпшілік.

 

Ақтөбеде мектеп оқушысы қаза тапты

Фото: Pixabay

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы әкесінің көлігімен рұқсатсыз мініп шығып, жол апатына ұшырады. Оқиға «Бауырластар» тұрғын ауданында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Полицияның дерегінше, жасөспірім көлікті басқара алмай, жол апатына себеп болған. Ол алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды.

Бұл – соңғы екі айдағы дәл осы ауданда болған екінші осындай қайғылы жағдай. Бұған дейін, 2 қыркүйекке қараған түні Әлімхан Ермек көшесінде 16 жастағы жасөспірім Mitsubishi Carisma көлігін ата-анасының рұқсатынсыз айдап шығып, апатқа ұшыраған. Ол да алған жарақатынан көз жұмған еді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарға балалардың мінез-құлқын және олардың көлік құралдарына қол жеткізуін қатаң бақылауға алуды ескертті.

Полиция деректері бойынша, биыл өңірде 1 632 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2 мыңнан астам адам жарақат алып, 99 адам қаза тапқан, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Қазір облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр (27-31 қазан аралығы). Оның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, әсіресе балалар, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер арасындағы жол апаттарының алдын алу.

Сотталған экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова тойға бару үшін рұқсат алған

Фото: видеодан скрин

Желіде Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген сәті бейнеленген видеолар тарады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 7 жылға сотталған бұрынғы шенеунік Бақытгүл Хаменоваға қатысты сауалдарға жауап берді.

«Бақытгүл Хаменоваға келсек, жазасы бойынша үкімнің орындалуы үш жылға кейінге қалдырылған. Бұл кезде мұндай іс-шараларға қатысуға негізінен тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін пара алғаны үшін сотталған бұрынғы шенеунік Бақытгүл Хаменова тойда көрінгенін жазған болатынбыз. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына сот үкімі 2022 жылдың қараша айында шыққан болатын.

 

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

Фото: Ақорда

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемінің 233 пайызға артқанын жеткізді.

Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді.

Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған, оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.