Енді қазақстандықтар тісін емдеу үшін зейнетақы қорындағы ақшасын ала алмайды
Фото: Pixabay Қазақстанда зейнетақы жинағындағы қаражатты стоматологиялық қызметке пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді», – делінген…
