All posts by editor1

Атырауда 20 күн сабаққа бармаған оқушының анасына айыппұл салынды

Атырауда 3-сынып оқушысы 20 күн бойы сабаққа бармаған. Ұлының дәлелсіз сабақтан қалғаны үшін анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы, 3-сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған. Оқушының анасы Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін білдірген. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды.

Сот құқық бұзушының жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады, — деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, пәкістандық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ангелина Лукас пәкістандық Рома Юсуфпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Лукас бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WIBA әлем титулын иеленді.

Мен бәріңізді қатты жақсы көремін және сіздерге жақсы жаңалық айтқым келеді, біз мұны жасадық! Бүгін мен екінші әлем чемпионы атағын жеңіп алдым және менің мақсатым абсолютті чемпион болу! Алға Қазақстан!, — деп жазды Лукас.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WIBA белбеуіне қол жеткізсе, Рома Юсаф спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белбеулерін де жеңіп алған болатын.

Жекпе-жектен кейін Лукас Instagram әлеуметтік желісінде қарсыласына жекпе-жек үшін алғысын білдіріп, бірге түскен суретін жариялады.