«Бұл күннің маңызы бөлек»: Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Фото: Qazaqstan.tv Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Барша әріптестерімді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Қазақ баспасөзінің тағылымға толы тарихында бұл күннің маңызы бөлек. Себебі дәл осы күні Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының есімімен ұштасып жатқан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді….
