Каспий теңізінде жер сілкінді
istockphoto.com Бүгін Астана уақытымен 08:41-де (Гринвич уақытымен 03:41-де) Каспий теңізінде жер сілкінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша, эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік – 41,28 градус; шығыс бойлық – 52,76 градус. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4.4, энергетикалық класы K=9.6.
