editor1

Екінші деңгейдегі банк жеңілдікпен қаржыландыратын пулға 275 млрд теңгеге 89 аграрлық жоба енгізілді

Фото: primeminister.kz Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Halyk Bank, Қазақстанның Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері жеңілдікпен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеудің аралық нәтижелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Halyk Bank 275 млрд теңге болатын 89 жобаны іріктеп…

Толық оқу

Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

Фото: Аделаида Әуесбекова Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды. “Сот үкімі бойынша, М. аса ірі мөлшерде пара…

Толық оқу

Тоқаев ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады

Фото: gov.kz Жанат Элиманов ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметіне бекітілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Толық оқу

Қосылған құн салығы көтерілмейді – Олжас Бектенов

Бағаның өсуін тежеу Үкімет үшін басым міндет болып қала береді. Биыл біздің алдымызда инфляцияны 6-8% аралығында ұстап тұру міндеті тұр. Ол үшін мемлекеттік органдар Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы былтыр бизнеске 600 млрд…

Толық оқу

Тоқаев қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасына көңіл айтты

Фото: Ақорда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады….

Толық оқу
Яндекс.Метрика