editor1

Президент Әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Фото: Ақорда Айбек Дәдебаев Президент Әкімшілігінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – Ақорда хабарламасында. Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

Толық оқу

Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

Фото: Ақорда  International Woman’s Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті әйелдерді атап өтті. Қазақстандық ғалым Күнсұлу Закария «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының тең басшысы вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне кірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Ұйымның пікірінше, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Ян ее (Pfizer), Кизмекия Корбе…

Толық оқу

Тоқаев Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Фото: Ақорда  Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы…

Толық оқу

Алматыда биік ғимарат салуға шектеу қойылды

Фото: Pixabay  Алматының кейбір аумағында үш қабаттан асатын ғимараттар салынбайды. Бұл талап 10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аудандарға қойылып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ал бұған дейін биік ғимараттар салуға рұқсат алған компаниялар әрі қарай құрылысты жалғастыра береді. Әкімдік тарапы олардың санаулы екенін айтып отыр. Биыл бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасында үйлердің арақашықтығы…

Толық оқу

Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды

Фото: kapital.kz Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Толық оқу