editor1

Келесі қысқы Азия ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

Фото: Туризм және спорт министрлігі Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, сары құрлықтың келесі ақ Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді. Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема…

Толық оқу

Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді

Фото: egemen.kz Қазақ тарапының шақыруымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келген еді. Келіссөздер барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ӨР Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, экономикалық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым…

Толық оқу

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Фото: t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Марат Омаров Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берді. Оның айтуынша, монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Орындалған ұйғарымдардың үлесі 90,3 пайызға…

Толық оқу

Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы Антальяда (Түркия) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Форумның ашылуында сөз сөйлеген қауымдастық басшысы Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға…

Толық оқу

Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді

Фото: ©instagram.com/lenarybakina Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Доха жарысының финалисі атанғаннан кейін WTA чемпиондық кестесіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Жаңартылған чемпиондық кестесінде беларустық Арина Соболенко 2325 ұпаймен көш бастаса, қазақстандық теннисші (1828 ұпай) 4-тен екінші орынға көтерілді. WTA-ның бүгін жаңартылған рейтингісінде алғашқы төрттікте өзгеріс бола қойған жоқ: Ига Швентек, Арина Соболенко,…

Толық оқу