Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіріп тастаған
Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр. Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. «Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат…
