Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге ресми түрде тыйым салынды
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға қол қойды. Ол елде «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы», «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілік туралы»,…
