Қорғаныс министрлігі жекеменшік компанияны сотқа беріп, 1 млрд теңге өндіріп алды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы „Жетіген“ аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын…
