Алматыда қымбат көліктер мен тауарларды қолды қылған 5 күдікті ұсталды
Тәртіп сақшылары қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктер мен түрлі тауарларды жымқырумен байланысты алаяқтық фактілері туралы ескерту жасады. Ведомство көлік ұрлау алдау тәсілі арқылы жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. – Тапсырыс берушілермен және жүк көліктерінің жүргізушілерімен олардың көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулары бойынша алаяқтар хабарласып, тасымалдау қызметін ұсынады. Олар тапсырыс берушілерге өздерін…
