editor1

Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылады

Фото: Midjourney «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Үкімет қаулысына сәйкес, «Теңіз жасағы» АҚ мемлекеттік компаниясы келесі қызметтерді атқарады: 1. Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне әрекет ету экологиялық базасын және Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын басқа да теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға…

Толық оқу

Ақмола облысында әкім орынбасары мен аппарат басшысы жанжалдасып, төбелес шығарды

Фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 2024 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орнындағы әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасып, соңында төбелес шығарған. Сарапшының қорытындысына сәйкес олар бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген. «Сот шешімімен аудан әкімінің орынбасары…

Толық оқу

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды…

Толық оқу

«Бала сатқан әйелдің білім беруге құқы бар ма?»: Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты тың мәлімет айтты

Біраз уақыттан бері туған анасын іздеп жүрген бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Тың ақпарды журналист Қымбат Досжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан «адамның» мектепте білім беруге құқы бар ма? Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне…

Толық оқу

Алматыда екі бойжеткен көше ортасында шаш жұлысып, төбелескен

Алматыда қос бойжеткен шаш жұлысып, айқасып қалды. Оқиға «Asia Park» ойын-сауық орталығының жанында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Астана телеарнасының мәліметінше, қыздардың бұл былығы бейнетаспаға түсіп қалыпты. Бейтаныс ер адам оларды ажыратуға тырысады. Бірақ, қанша оқталса да, дес бере қоймаған. Алматы қаласының Полиция Департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Аталмыш дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының…

Толық оқу
Яндекс.Метрика