editor1

Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

Фото: Реал Мадрид ФК Франциялық футболшы Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық «Реал Мадрид» командасының ойыншысы болды. Бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионында футболшыны салтанатты түрде таныстыру рәсімі өтті. Аталған шараны тамашалауға 80 мыңнан астам жанкүйер мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inform.kz-ке cілтеме жасап. Бұған дейін 25 жастағы ойыншы Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында өнер көрсетті….

Толық оқу

Ақтау қаласының әкімі ауысты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына үміткерді таныстырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен. Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Байпақов Әбілқайыр Жаңайұлы…

Толық оқу

Шымкентте конго-қырым геморрагиялық қызбасынан 1 адам қайтыс болды

Шымкентте үш адам  конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған. Оның біреуі көз жұмды. Кене шаққан тағы бір адамның қанына қажетті талдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Дәрігерлердің айтуынша, кене шаққан 3 адам ауруханаға жатқызылған. Екеуі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып, үйіне шығарылған. Ал үшінші науқас Түркістан облысы Сайрам ауданынан жеткізілген. 61 жастағы ер…

Толық оқу

«Алматы-Екатеринбург» тас жолында 3 көлік соғысты

«Алматы-Екатеринбург» жолында 3 көлік соғысып, салдарынан 9 зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған жол-көлік оқиғасына барды. Анықталғандай, 3 көлік соқтығысқан. Құтқарушылар зардап шеккен 9 адамға, оның ішінде 3 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Олар ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Толық оқу

Ауыл батыры Балқаш ауданында жас қыздың өмірін сақтап қалды

2024 жылғы 14 шілдеде Балқаш ауданының Миялы ауылында Қәдірхан Әбдіхан Тасмұрын көшесіндегі ирригациялық каналда қауіпті жағдайға тап болған 2009 ж.т. қыз баланың өмірін сақтап, ерекше батылдық көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Түсте Қәдірхан Әбдіхан батып бара жатқан қызды байқап, оны жағаға шығару үшін бірден суға жүгірді. Оның жедел және шешуші әрекетінің арқасында қызды…

Толық оқу
Яндекс.Метрика