editor1

Елдос Сметов финалда даңқты жапондық дзюдошының кимоносын киіп шыққан

Фото: Наохиса Такатоның парақшасынан Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалдық белдесуінде жапонның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Такато әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  «Елдос Сметов мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп шығып, чемпион атанды», — деді ол өз жазбасында. Айта кетейік, Елдос Сметов пен Наохиса Такато Рио…

Толық оқу

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

Фото: Павел Бедняков Мемлекет басшысы ҰҚК Төрағасының орынбасары Марат Өмірбекұлы Қалқабаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толық оқу

Атырауда 18 жастағы тұрғын діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан

Фото: Видеодан алынған кадр  Атырау облысында тыйым салынған діни материалдарды таратқан 18 жастағы тұрғын ұсталды. Күдіктіден діни алауыздыққа шақыратын діни кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткендей, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері бірлескен жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген. Сол кезде күдіктінің әлеуметтік желіде…

Толық оқу

Шымкентте күкірт зауытынан өрт шықты: 10 адамды күйік шалып, улан

Фото: ТЖМ Шымкентте «Ордабасы» индустриялық аймағында техникалық күкірт тұтанып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  27 шілде күні Шымкенттің Еңбекші ауданында өрт шығып, салдарынан жақын маңдағы үйлердің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Қызыл жалын келесі күні таңертең ауыздықталды. «KMG Supple Company» ЖШС аумағындағы ашық алаңда өнеркәсіптік газ және кесек күкірт өртенді. Өрт 1200 шаршы метрді…

Толық оқу

Алматы облысында қойма отқа оранды

Фото: ТЖМ ТЖМ Алматы облысында қойма өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді. «Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануы орын алды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ақпаратта. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Толық оқу
Яндекс.Метрика