editor1

Бес жылда Назарбаев зияткерлік мектептеріне 250 млрд теңге бөлінген

Назарбаев Зияткерлік мектептері өткізген сатып алулар бойынша 10,5 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоғары аудиторлық палата отырысында 2019-2023 жылдардағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов атап өткендей, осы…

Толық оқу

Екібастұздағы көмір кенішінде кеншілер мінген автобус аударылды

Фото: ssmp43.ru «Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  — ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған. Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді,-деп…

Толық оқу

Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды

Фото: gov.kz Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды. Атап айтқанда, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі…

Толық оқу

Баходир Джалолов Өзбекстан құрамасынан кетті

Фото: ©️ Olympic.uz Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов Париждегі Олимпиада ойындарындағы жеңістен кейін ұлттық командадан кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Sports.uz порталының журналисті Джалал Ахмедовтің сөзінше, Баходир Олимпиададағы Айюб Гадфа Дриссиді жеңгеннен кейін кәсіпқой боксқа бет бұрмақ. Осылайша, Джалолов Олимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды: біріншісін 2020 жылы Токиода алған еді. Сонымен қоса,…

Толық оқу

«732,8 млрд теңге»: Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекетке қайтарылған мүліктерінің тізімін жариялады

Фото: the-village-kz.com 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  Агенттік жариялаған мәліметтерге сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.Сатыбалдыұлына…

Толық оқу
Яндекс.Метрика