«Lexus аударылып қалды»: Павлодарда екі көлік соқтығысты
Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы @Pavlodarnews.kz-ке cілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 07:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы мен М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі «Lexus» автокөлігіне соқтығысқан. – Аталмыш жол апаты салдарынан 1968 және 1990 жылы туылған екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгінді….
