«Еркек емессің»: Атырауда блогерлер келемеждеген күзетшінің қан қысымы көтеріліп, қайтыс болды
Жергілікті блогерлер мемлекеттік мекемеге барып, ішке кірмек болған. Олар мекемедегі өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік тудың жоқтығы жайлы бірқатар заң бұзушылықтарды алға тартқан. Бірақ күзетші оларды турникеттен әрі жібермеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Баса-көктеп кірмек болған блогерлер сол жерде күзетшіні «Сен – бомжсың», «Сен кімсің?», «Еркек емессің», «Юбка киген еркексің» деп балағаттап, ауыр сөздер айтқан….
