Балқаш маңындағы газ құю бекетінде автокөлік жарылды
Фото: Pixabay 12 қыркүйекте Балқаш қаласының маңында газ құю бекетінде автомобиль салонындағы газ-ауа қоспасы жарылды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Жарылыстан әр түрлі дәрежедегі күйік алған 38 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын Astana TV телеарнасы жеткізді. Құтқарушылар жүргізушілерге көліктің техникалық жарамдылығын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.
