Әскери қызметкерлерге үйін салғызған төтенше жағдайлар экс-вице министрін сот босатып жіберді
Апелляция билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталған ТЖМ басшысының бұрынғы орынбасары Ибрагим Күлшімбаевтың үкімін өзгертті. Ол Қарағандыда ұлына үй салуға әскери қызметшілерді мәжбүрледі деп айыпталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Астана әскери соты бұрынғы генерал-майордың іс-әрекетін «билікті асыра пайдаланудан» «лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға» қайта саралау туралы шешім шығарды. Тиісінше Күлшімбаевқа шығарылған үкім өзгертілді. Оған бас…
