editor1

Мұндай керемет эмоция сезінбеген едім – Футзалдан Қазақстанның бас бапкері

Фото: esquire.kz Қазақстан құрамасы футзалда Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Матчтан кейін Қазақстанның бас бапкері Рикардо Кака эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. «Мұндай керемет эмоция сезінбеген едім. Бұрын да жеңіс пен жеңілістер болған, бірақ дәл бүгінгідей жеңісті сезбедім. Бірақ біз әлі жарысты ұтқан жоқпыз. Әрине,…

Толық оқу

Жетісу облысында екі адам жол апатынан қаза тапты

«Алматы-Өскемен» тас жолында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, аударылып қалған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі «Алматы-Өскемен» тас жолымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», –…

Толық оқу

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан ақша өндіріп алды

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Айтбек Амангелдінің талап-арызы бойынша Қуандық Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Айтбек Амангелді талабында қайғылы жағдайдан кейінгі моральдық күйзеліс, денсаулықтың нашарлауы, еңбек қабілетін жоғалту себептерін көрсеткен. Сондай-ақ талап-арызда қылмыстық іс барысындағы заңгерлік қызметтер ақысы да шығын ретінде көрсетілген. «Жақын адамның қазасы талапкердің моральдық…

Толық оқу

Павлодар облысында дәрі ішіп қойған бала ауруханаға түсті

Шарбақты ауданына қарасты ауылдардың бірінде бала қан қысымын төмендетуге арналған дәріні ішіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  2 жасар бала «Кантаб» дәрісін ішіп қойған. Ол аудандық ауруханада жеткізілді. Содан кейін реаниматологтың сүйемелдеуімен науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасындағы соматикалық бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған өңештің шырышты қабығының күйігі және өңеш стенозы деген…

Толық оқу

Головкин жаңа бір жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

Фото: t.me/olympickz Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі …

Толық оқу
Яндекс.Метрика