«Хутор» бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаев 2 айға қамауға алынды
Талғардағы атышулы “Хутор” бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатты қарады. Сот қаулысымен күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.
