Рудныйда салмағы 6 келіге жуық алып сәби өмірге келді
Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 5 900 грамм ұл бала өмірге келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Орталықтың мәліметінше, сәби 15 қаңтарда дүниеге келген. Оның салмағы – 5 900 грамм, бойы 59 см болды. Ұл балаға Елизар есімі берілді. Қазіргі кезде анасы Алена Дизина екеуінің жағдайы жақсы. Босану хирургиялық жолмен өтті. Жаңа туған нәресте…
