editor1

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп жазды Ақорда. – Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.  

Толық оқу

Алматы маңында жер сілкінді

Бүгін Астана уақытымен 9:45-те ҚР ТЖМ «ҰСЖЗО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 36,860, шығыс бойлық 70,868. «Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 873 км қашықтықта орналасқан», – делінген хабарламада. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Толық оқу

«Ешқайсысын кіргізбейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының тойына қатысты хабар айтты

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын мобилографтардың кіруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы әншінің өзі мәлімдеген. «Той ұйымдастырушыларының талап-тілегі бойынша мобилографтардың ешқайсысын кіргізбейміз деген ой болып тұр. Әрине, әр әншінің әр көмекшісі маған да қымбат, олар да маған іні-қарындас. Бірақ өздерінің талап-тілектері сондай болып тұр. Неге десеңіз, сегіз жүз адамды басқару аздай,…

Толық оқу

Шулы Шерзат ісі: Кәмелетке толмаған сотталушы рақымшылықпен босап шығуы мүмкін

Шерзат Полатқа қатысты даулы істе жаңа бұрылыс болуы ықтимал. Бұл жолы қоғам назарын аударған оқиғаның кәмелетке толмаған қатысушысы – Думан Ысқақ рақымшылық аясында бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. “Шерзат Полаттың ісін бүкіл ел талқылады. Бұл жерде адам өлімі тіркелгендіктен, рақымшылық заңы негізінен қолданылмайды. Қандай…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрін Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны қарсы алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі…

Толық оқу
Яндекс.Метрика