All posts by editor

Депутат шаруа қожалығына бөлінген 457 миллион теңге субсидияны ұрлаған

Фото: Pixabay

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты Асылбек Нұргелдин шаруа қожалықтарына субсидия ретінде берілген 457 миллион теңгені ұрлаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

2020 жылы Асылбек Нұргелдин «К» шаруа қожалығының басшысы бола тұра, аграрлық несие корпорациясына «Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1200 бас ірі қара малын сатып алу келісімшартын жасап, 780 миллион теңге несие алуға шешім қабылдады. Шын мәнінде оның мал сатып алу ниеті болмаған, деп жазады Stan.kz.

Кепілге ірі қара малды қоямын деген, ал іс жүзінде ол мал жоқ. Депутатқа 390 миллион теңге беріліпті, ол қаржыны туысының шаруа қожалығының есепшотына аударған. Осылайша 290 миллион теңге жеке шотқа, ал қалғаны «К» шотына аударылды.

Депутаттың 2021-2022 жылдар аралығында малы болмаған және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын жаңылыстыру арқылы ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды малын бордақылау құнын төмендетуге субсидия алуға жалған өтінім берген.

«Ол аударылған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған, сөйтіп ауыл шаруашылығы бөліміне материалдық шығын келтірген», – деді сот.

Асылбек Нұргелдинге сот үкімі шықты. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша 10 жылға коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру, әкімшілік және материалдық-жауапты функцияларды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.

Елімізден жыл сайын 16 млрд доллар заңсыз шығарылады — сенатор

Фото: senate.parlam.kz

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді жүзеге асыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 млрд доллар заңсыз шығарылады. 148 елдің рейтингінде біздің еліміз 11-ші орында тұр. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты бар екенін бәріміз білеміз. Қазақстан көмірсутегі мен металдардың экспортына өте тәуелді болып отыр. Яғни, біздің экспортымыздың негізі – жер қойнауынан алынған қазбалар, ол түпкілікті өнім емес. Тиісінше, пайдалы қазбаларды экспорттау есебінен тікелей немесе жанама түрде алынған капиталды шетелге заңсыз шығару деректері қоғамға өте ауыр тиеді және мұқият бақылауда болады. Осылайша, бұл проблема экономика аясынан шығып, әлеуметтік және саяси сипатқа ие болады», — деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелге заңсыз қаржы шығару проблемасына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін арнайы мекемеаралық комиссия құрылған болатын. Сонымен қатар, тиісті заңнамалық өзгерістер қабылданды, оның ішінде валюталық реттеу жөнінде де өзгерістер бар.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

Фото: Pixabay

Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпарат порталы.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

«7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады», — деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Алматыда қыз зорлаған күзетші сотталды

Фото: stan.kz

Алмалы аудандық сотында қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталған К-ға катысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы жабық өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

«2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П-мен танысқан. Кейін соталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң сотталушы бәкісін шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, зорлаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сот сотталушы К-ның материалдық жағдайын жақсарту үшін тағы бір қылмыс жасауға ұмтылғанын анықтады.

«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К. түнгі клубқа келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетінен ұрып, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші ұялы телефоны мен ақшасын береді» деп атап өтті ведомстводан.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Адыраспан тасымалдаған ел тұрғындары жеті жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін

Фото: turkmenportal.com

Көрші елге адыраспан ала барған Қазақстан азаматтары жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, биыл ақпан айында Ресей Федерациясында «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

«Оны сол елге апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты ІІМ шетелге шығуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді.

«Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет», — деп хабарлайды дереккөз.