All posts by editor

Ел мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылатын болды

Фото: Pixabay

Бұған дейін еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы қоңырау салтанаты өткізілмейтіні айтылған-ды. Бұл ақпарат қоғамда біраз талқыға түсіп, көпшілігі қарсылық танытты. Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық отырысында министр Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай оқу бағдарламасын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын», — деді министр.

Жиын барысында Ғани Бейсембаев төтенше жағдай кезінде эвакуациялық пункте балалар мен тұрғындарға психологиялық көмек көрсеткен 400 ден астам мектеп психологы, өз міндетін атқара жүріп, келген қиындықты елмен бірге еңсеруге қатысқан 29 мыңнан астам педагог пен білім саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Адам зорлау: Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы қанша жылға қамалуы мүмкін

Фото: orda.kz

Мемлекеттік айыптаушы адам зорлады деген Талдықорған полициясының бұрынғы басшысына 12 жыл беруді сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Прокурор бұрынғы полиция басшысының ісі бойынша өтіп жатқан соттағы жарыссөз барысында күдікті Марат Күштібаевты 12 жылға соттауды сұрады.

Биылғы ақпан айында Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті. Тыңдаулар жабық режимде өтті. Іс ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полиция басшысына 27 жастағы әйелді зорлады деген айып тағылды.

Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Фото: Ақорда

Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды

Фото: ҚТФ

Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік таластырды.

Қос теннисші осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген еді.
Бұл жолы Путинцева ойынды тамаша бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, сосын алты геймді қарсыласына беріп қойды – 6:3.

Есесіне екінші сетте есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте аса тартысты геймде Юлия брейк жасай алды. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Елена Рыбакинамен сынға түседі.

Талдықорғанда екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pixabay

Талдықорғандағы перзентханадағы екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Жетісу облыстық Полиция департаменті 2024 жылғы 30 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықтың патология бөлімінде А.-ның қайтыс болу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

Соталды тергеу барысында тергеуші 30 қаңтарда сот-медициналық сараптама тағайындады. 9 ақпанда тексеру жүргізу үшін материалдардың көшірмелері «ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-ге жолданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, 2 ақпандағы Б.-ның өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Қазір қылмыстық істі Талдықорған қалалық ПБ тергеушісі жүргізіп жатыр.