All posts by editor

Алматылық блогер табытта жатып тікелей эфирге шыққан (ВИДЕО)

Коллаж: stan.kz

Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматыда бір блогер TikTok-та қаралым жинау үшін шектен шыққан «эксперимент» жасады. Ол өзін жерге көміп, сол жерде бір тәулік өткізіп, тікелей эфир жүргізген.

Айтуынша, бұл әрекетті ол тек контент үшін жасаған. «Адам мұндай жағдайда өмір сүре ала ма?» дегенді сынап көргісі келген. Бірақ шоу шын мәнінде қауіпті жағдайға айналып кетті. Видео тез таралып, тек оқырмандардың ғана емес, полицияның да назарын аударды.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексеруге кіріскенін растады.

Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1400-ден асты

Фото: Anadolu Agency

Ауғанстанда 5,2 магнитудалық тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Джелалабадтан солтүстік-шығысқа қарай 34 км қашықтықта, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:29-да болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

АҚШ геологиялық қазметінің мәліметтерінше, жерасты дүмпулерінің тереңдігі 10 км-ді құраған. Әзірге қаланың мерт болғандар мен жарақат алған тұрғындары туралы мәліметтер нақтыланбаған.

Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында жексенбінің кешінде тіркелген 6 магнитудалық жойқын жер сілкінісінен кейін жаңа дүмпулер болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарақат алғандар саны 1411 адамға жетті. Уақытша үкіметтің өкілі Забихулла Мужахидтің хабарлауынша, зардап шеккендердің жалпы саны 3124 адамға дейін өскен.

Оның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан 5412 үй қираған. Ал Ауған Қызыл Жарты Ай қоғамы үш шығыс провинцияда 8 мыңнан астам үйдің қирағанын мәлімдеді. Көптеген адамдар үйінді астында қалып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Билік өкілдері эвакуация жүргізіліп жатқанын, сондықтан қаза тапқандар мен жараланғандар саны өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Жер сілкінісінен туындаған көшкіндер кейбір жолдарды жауып қалған, қазір сол жолдар тазартылып жатыр. Құтқарушылар жүздеген адамды іздеп жатыр, алайда таулы жер бедері мен қолайсыз ауа райы кей ауылдарға жетуді қиындатып отыр.

Жергілікті тұрғындар да құтқару жұмыстарына белсенді атсалысып, үйінді астынан шығарылған жаралы адамдар тікұшақпен ауруханаларға жөнелтілуе.

Ауған билігінің халықаралық көмек туралы өтінішінен кейін Үндістан, Швейцария, Қытай және Ұлыбритания қоса алғанда бірнеше мемлекет зардап шеккен аймаққа гуманитарлық жүк жөнелтуге дайын екенін мәлімдеді.

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қираған аудандарға 2000 гуманитарлық көмек жібергенін хабарлады. Оған гигиеналық құралдар, жылы киім, көрпе және баспанасыз қалған отбасыларға арналған ас үй жабдықтары кіреді.

Таразда төбелестен кейін мектеп оқушысы көз жұмды

Фото: Pixabay

Желіде 1 қыркүйек күні Таразда оқушылар арасындағы төбелестің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай кәмелетке толмаған күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», – делінген ПД-нің редакцияның сауалына берген жауабында.

Желіде тараған алдын ала ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған 14 жастағы ұл баланы басқа жасөспірім пышақпен ұрып жіберген. Оқиға мектептен тыс жерде болған.

Алматыда балаларды алаяқтыққа мәжбүрлейтін жасырын фирмалар көбейді

Фото: Pixabay

Алматыда кейбір компаниялар өздерін түрлі тауарлардың сату бөлімдері ретінде көрсетіп, шын мәнінде кәмелетке толмағандарды топтық алаяқтыққа тартып жатқаны белгілі болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, аталған жағдайға байланысты құқық қорғау органдарына берілген арыздар қараусыз қалып отыр. Бұл – қала тұрғындары арасында үлкен алаңдаушылық туғызды. Жасөспірімдерді қылмысқа араластыру – заңға қайшы әрекет қана емес, қоғамның болашағына қауіп төндіретін қылмыс.

Сарапшылар мұндай құбылыс көбіне әлеуметтік желілер мен «жылдам ақша табу» уәделері арқылы жүзеге асатынын айтады. Қала тұрғындары құқық қорғау органдарынан нақты шара қабылдауды талап етуде.

«Егер бүгін қатаң бақылау орнатылмаса, ертең бұл мәселе бақылаудан шығып кетуі мүмкін», – дейді тұрғындардың бірі.

Қалалық полициядан осы деректерге байланысты тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды сұраймыз.

2030 жылы әр екінші әйел жалғыздықты таңдауы мүмкін – дәстүрлі отбасы дағдарыс алдында ма?

Фото: Pixabay

Morgan Stanley сарапшыларының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай АҚШ-тағы әйелдердің 45%-ы саналы түрде жалғыздықты таңдауы мүмкін, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл тенденция қазірдің өзінде байқалуда: соңғы бір жыл ішінде елімізде некеге тұрушылар саны 16%-ға азайған. Халықаралық Phys.org порталының деректеріне сүйенсек, жалғыз әйелдер өздерін жалғыз ерлерге қарағанда әлдеқайда бақытты сезінеді. Сарапшылар мұны дәстүрлі отбасылық модельден бас тарту процесі деп түсіндіреді. Кейбіреулер мұны «жалғыздықты насихаттау» деп қабылдауы мүмкін.

Алайда мамандардың айтуынша, әйелдер көбіне дәстүрлі некенің ауыр салмағынан қашып, тәуелсіздікті таңдауда.

«Баланың үстіне қосылып, әйелдің мойнына отырып алатын масыл еркектерден қашу – қазіргі әйелдердің басты ұстанымы», – дейді зерттеушілер.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл құбылыс Қазақстанды да айналып өтпеуі мүмкін. Себебі елімізде де соңғы жылдары ажырасу көбейіп, некеге тұру азайып барады.