All posts by editor

Полиция «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы қарсаңында жанкүйерлерге ескерту жасады

Фото: Pixabay

Алматы қаласының полициясы алаяқтық тізбегін түсіндіретін бейнеролик әзірледі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекет етеді.

Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстар сатып алушыларды алаңдатуы тиіс.

– Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен қатар, алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Еш жағдайда билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз. Бұл – өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы. Біздің мақсатымыз – киберқылмыстарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу. Сол себепті біз әлеуметтік бейнероликтер мен БАҚ арқылы белсенді түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден «102» нөміріне хабарлау қажет екенін еске салады.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді.

Чемпиондар лигасының матчы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те басталады.

Руслан Берденовке атылған оқ: Полицейлер күдікке ілінді

Коллаж: sn.kz

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған қару Астанада есептен шығарылған болып шықты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ержан Сәденов мұндайға полицейлердің салғырттығы себеп болғанын айтты.

«Иә, өкінішке қарай, мұндай жайт болды. Біреу сатып жіберді деген емес себеп емес, (полиция қызметкерлерінің – еск.) немқұрайлы қарауы себеп болды. Қылмыстық іс қозғалды», – деді министр.

Дина Таңсәріні іздеу әлі де жалғасып жатыр

Фото: instagram.com/nemolchikz_official

«Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріні іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Иә, кейіпкер бізге белгілі. Қылмыстық іс қозғалды, көптеген эпизоды бар. Оған іздеу жарияланған, жұмыс істеп жатырмыз. Әрине, келтірген шығынды өтеуі керек. Заң бәріне бірдей жұмыс істеуі қажет. Заң бұздың ба, жауап беруге тиіссің. Сондықтан қазіргі уақытта іздеу жүріп жатыр», – деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің «Күдіктіні Қазақстан аумағына келуіне көндіресіздер ме?» деген нақтылау сауалына жауап берді.

«Әрине, біз оны іздеп жатырмыз», – деп қысқа қайырды Ержан Сәденов.

Еске сала кетсек, 2023 жылы 27 желтоқсанда Ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы, «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялады.

«Ауыр комплекс»: Жахан Отарғалиев өз есімінен қатты ұялатынын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал актер Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі бала күнінде танысқан адамдардың күлкісіне қалған.

“10-11 сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Сол кезде қыздармен танысамыз. Жахан десем: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Содан бері атымнан ұялдым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Мен үшін ауыр комплекс болған”, – деді актер.

Кино жұлдызының сөзінше, бүгінде атағы шыққан актерге айналғанын мақтанышпен айтатын көрінеді.

“Есен Елеукен – өнердегі әкем. “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Киноларымның арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп таниды. Соған қуанамын. Демек, сен жаман деп ойлаған істе сен үшін үлкен хайыр бар екен. Ол негатив те позитив те болуы әбден мүмкін”, – деп жазды кино жұлдызы.

Түркістан облысында шетел азаматы 13 жылға сотталып кетті

Фото: Pixabay

Тексеру барысында оның сөмкесі мен көлігінен гашиш, кептірілген марихуана, мефедрон табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі және 286-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталған.

Айыпталушы аса ірі көлемде есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтап, өзінің автокөлігімен тасымалдаған. Ол Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» мемлекеттік шекара бекеті арқылы өту кезінде ұсталды. Қызметтік іздестіру иттері күдіктінің қол жүгінен тыйым салынған заттарды тауып берді.

Тексеру барысында оның сөмкесінен 0,0642 гр гашиш, 0,1156 гр және 0,0810 гр кептірілген марихуана табылды. Ал автокөлігін тінту кезінде жасырылған күйде 56,22 гр мефедрон, 3,23 гр гашиш және 1,40 гр кептірілген марихуана анықталды.

Сот оның өкінуін және жас балалары бар екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.